-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Әйелдерді қорғайтын заң қорлайтын заңға айналды

    «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»,- дейді дана халқымыз. Қазақ қашанда қыз баланы оң босағаға шығарып, ерекше қадірлеп, аялаған. Дегенмен, бүгінгі таңдағы қоғамдағы әйел адамның өмірін жоғарыда атаған құрметтерге ие деп айту қиын. Себебі, әйелін ұрып-соқты, өлтірді, не көк ала қойдай сабап тастады деген жантүршігерлік жаңалықтарды екі күннің бірінде естіп жатамыз. Жаратылысынан нәзік жаралған әйел баласы, әу бастан, ұрып-соғу үшін емес, аялау үшін жаралды емес пе? Бірақ, соған қарамастан қоғам былай тұрсын, халықтың мұң-мұқтажы мен зарына жауап беруі тиіс билік өкілдерінің де сол әйелді төмен санайтын тобыр қоғамның қатарына қосылғаны қалай? Жақын уақыттарда болып жатқан оқиғалар мен енгізіліп жатқан заң-жарғылар дәл қазіргі сәтте әйел мәртебесіннің төмендегенін көрсетеді. Ендеше сол заң-жарғылар мен ұсыныстарға тоқталып өтейік.

    1. Әйелді ұрып-соғуға болады

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда зорлық-зомбылық туралы заңға өзгеріс енгізген болатын. Бұған дейін отбасына зорлық-зомбылық көрсеткен зорлықшыға заң бойынша бірнеше күнге қамау сынды немесе басқа да шаралар қолданылып, ескерту жасалатын еді. Ал қазіргі уақытта Тоқаевтың бұйрығы бойынша бұл заң алынып тасталды. Демек, енді еркек әйелін қанша ұрғысы келсе де өзі біледі, себебі оған ешқандай шара қолданбайды.

    «Қазақстанда отбасында әлімжеттік көрсеткендерді жазалайтын әкімшілік заңға өзгеріс еніп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заңды өзгертуді Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырып, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі төрт айда әзірлеген». — деп хабарлаған болатын жаңалықтарда.

    1. Зейнетақы қорындағы жинақты қолдану үшін әйел ер адамнан көп қаржы жинау керек.

    Бәрімізге белгілі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша зейнетақы қорындағы ақшаның 50%-ын үй алу немесе басқа да жағдайларға қолдануға мүмкіндік берген болатын. Бірақ, ол үшін зейнетақы қорындағы ақшаның көлемі белгіленген соммаға жету керек. Сондай-ақ, қордағы ақшаны алу адамның жасына, тіпті жынысына да байланысты болып келеді екен. Қалай дейсіз ғой, мысалы 30 жастағы ер адам қордағы ақшаны алу үшін оның зейнетақы қорында 6.7 миллион тенгеден кем ақша болмауы керек. Ал әйел адамдар үшін 9,5 миллион теңге болу керек. Неге әйелдерде көп болуы керек деген сұраққа басшылықтың жауабы: өйткені әйелдер ер адамдардан ұзақ өмір сүреді.

    1. Әйел ерінің рұқсатынсыз аборт жасамауы керек.

    Күні кеше мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазақстандықтарға әйел күйеуінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек деген ұсыныс тастады. Оның айтуы бойынша Денаулық сақтау кодексінің 2 бабы «Неке және отбасы» кодекісіне қайшы келеді. Сондай-ақ Қазақтың салт-дәстүріне жат нәрсе. Олар: Ана болу туралы шешімді әйелдің өзі қабылдауы және аборт жасату.

    Қарап отырғанымыздай, аталған заң-жарғылар әйел адамның құқұғын жерге таптаумен бірдей. Яғни, әйел мәртебесін төмендету. Төрге шығарып құрметтеген қазақ қызын бүгінгі қоғам мен билік басынғанның қолына жығып бергені қалай?

    қатысты посттар

    Шымкентте «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті

    Фариза

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

    Фариза

    Есілдің суында 40 минут отырған тұрғынды дәрігерлер алып кетті (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.