-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Жоғарғы билікте саяси тартыс басталды» Айсұлтанның мәлімдемесі Назарбаев дәуірінің аяқталғанын көрсетеді — Жанболат Мамай

    Жуырда Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook әлеуметтік желсіндегі парақшасында көпшілік күтпеген мәлімдеме жасаған болатын. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының атасы емес әкесі екенін мәлімдеген Айсұлтанның жазбасы қалың жұртшылықты таң қалдырған. Ал бұл жағдайға белгілі журналист Жанболат Мамай Назарбаев билігінің әлсіреуінің көрінісі деген баға берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Айсұлтан Назарбаевтың (Айсұлтан Рахат) бүгінгі жаға ұстатарлық мәлімдемесінің бірнеше қыры бар деп санаймын.

    Біріншіден, Айсұлтанның мынадай күйінде сұхбат беріп, ел алдына шығып, халықты дүр сілкіндіретін сөздер айтуы, оның ішінде Назарбаев менің әкем, ал Дариға — шешем, ол «сиқыршы» деуі — бұрынғы президенттің билікті уысынан шығарғанын айғақтайды. Егер бұрынғыдай монолитті билік болып, күштік құрылымдардың барлығы қолында болғаны, Айсұлтанның күні бойы журналистерге жауап беруі мүмкін болмас еді! Демек, Назарбаевтың жеке билігі әлсіреп, жоғары билік арасында саяси тартыс ашық басталды деген сөз.

    Екіншіден, Айсұлтанды бұлай айтуға итермелеп, анадай күйінде сұхбат бергізіп тұрған ықпалды күштер бар. Егер видеоны анық қарасаңыз, Айсұлтан не есінен адасқан, не әлдебір есірткінің буына мастанып тұр. Ал оның бәрін кім ұйымдастырды? Әрине, билікке таласып, саяси тартысқа ашық түскен топ кірісті деген сөз.

    Үшіншіден, мынадай масқарадан кейін Назарбаевтың екі ақ жолы қалды: не жақын уақытта күштік құрылымдардың ішінде жаппай репрессия басталады, не оның өзі биліктен аластатылады.

    Төртіншіден, не Назарбаевтың, не Дариға Назарбаеваның, не басқа да отбасы өкілінің шығып, бұл мәселеге ләм-мим демегеніне қарағанда, қауіпсіздік кеңесі төрағасының өзі қазірдің өзінде биліктен шеттетілген болуы мүмкін. Ал ол туралы ақпарат аз уақыттың ішінде, Айсұлтанның айтқаны айдай әлемге жайылған соң тарайды.

    Қалай болғанда да, Айсұлтанның бұл мәлімдемесі Назарбаев дәуірінің аяқталып қалғанын анық көрсетеді.

    қатысты посттар

    Тоқаев екі министрдің қызметін ауыстырды

    42 500 теңгені алудың жаңа шарттары: Ресми жұмысшы статусын қалай алуға болады, Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қалай жане кім төлейді

    Фариза

    Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жері сатылмайды, жалға берілмейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.