24 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кетті

    Қарағандылық дәрігерлер үстіне алты литр қайнаған су төңкеріп алған екі жасар ұл баланың өмірін арашалап қалу үшін қолдан келдерін аянбауда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy  порталына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға Заречное ауылында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған екі жасар сәби электр-шәйнектің сымын өзіне қарай тартып қалғанда, қайнап тұрған суымен бірге ыдыс баланың үстіне құлаған. Шәйнекте алты литр су болған.

    Бала ауыр халде Қарағанды облысының балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер бала денесінің 60 пайызын күйік шалғанын айтты.

    Қазір сәбидің туыстары қан тапсыру үшін донор іздеп, хабарландыру жариялады.

    «Мереке Еламанға қажетті құрамды алу үшін кез келген қан тобы қажет етіледі. Хабарламаны оқыған жандардан басымыздағы қайғыға немқұрайлы қарамай, қан тапсыру орталығына келіп, Мереке Еламан үшін қан өткізулеріңізді өтінеміз», – деп көмек сұрайды зардап шеккен баланың туыстары.   

    Қазір құзырлы орган өкілдері баланың қандай жағдайда ауыр жарақат алғанын және сол сәтте оның ата-анасының қайда болғанын анықтап жатыр.

    қатысты посттар

    Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

    Фариза

    Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсаған

    Фариза

    Белгілі меценат Қайрат Құдайберген коронавирусқа шалдығып, көзіне жас алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.