Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    75 жыл бұрын жазылған жауынгердің хаты

    Қазақ  Радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарына соғыс жылдары жазылған жауынгердің хаты келіп түсті,- деп хабарлайды Қазақ радиосы.  Бір жапырақ қағазда «Передайте мойей жене. КазССР, Аральское море қаласы, Пушкин көшесі, 4-үй, Забабурина Анастасия Леонтьевна  деп жазылған.

    Жауынгердің аты Забабурин Иван. Қазақ радиосы аталған жауынгер Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан соғысқа аттануы мүмкін деген болжам жасап отыр.  Күйік шалған қағазды «Бармысың, бауырым?» хабарына Ресей Федерациясынан Ольга Стружанова есімді тыңдарман жолдап, тікелей эфирге телефон шалған. Жазба Ресейдің Ленинград облысының аумағынан солдаттың медальонынан табылған. Қазір радио тілшілері жауынгердің туыстарын іздестіруде. Нәтижесі де жоқ емес.  Забабурин текті азаматтар Шымкент қаласынан табылған. Мәліметтерді нақтылау үшін редакция жергілікті әкімдік пен криминалды полиция қызметіне жүгінген. Қазақ радиосы Забабурин Иван Никитовичтің туыстарын танитындар болса, 8-707-53-55-383 немесе радионың qazradio.fm сайтындағы байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

    қатысты посттар

    Коронавирус жұқтырған жанұя туралы хабарлама Орал тұрғындарын шошытты

    Фариза

    Өте ауыр дертке шалдыққан 4 жасар бүлдіршін: Маған Құдайым көмектеседі…

    «2023 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендейді» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі желіде тараған ақпаратқа байланысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.