-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Мама, менің бір қолым қайда?» Он екі мүшесі сау бала екпеден кейін сол қолынан айырылды (видео)

    Дәрігердің тамырына салған екпесінен кейін сол қолына ампутация жасалған Бауыржан Құралбектің анасы журналистерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Бауыржан Ақбөпе Қалила мен жолдасының екінші ұлдары. Кенжесі бес айлық, сондықтан, Бауыржанмен ауруханада көбінесе әжесі жатқан.

    «Баламның ауру тарихын қысқаша айтсам, 2019 жылдың 22 қазанында балам ауырып, Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесінің бойында орналасқан Ақмола облыстық балалар ауруханасына түсті. «Пневмония», яғни, өкпе қабынуы деген диагноз қойылды. Антибиотик ексе де, ыстығы түспей, баланың жағдайы нашарлап, төрт күн реанимацияда жатты. Бұл ауруханадағы реанимация тіпті балаларға арналмаған. Сондықтан, бізді Көкшетаудағы балалар ауруханасына жіберді. Ес-түссіз жатқан баламды Нұр-Сұлтандағы бір де бір балалар ауруханасы қабылдамай қойды. Өйткені, Талапкер елордаға қарамайды», — дейді қан жылаған ана.

    Ақмола облыстық балалар ауруханасы баланың өкпесін екі апта емдейді. Пневмония дерті неге сонша ұзақ уақыт жазылмады деген олар екі аптадан кейін барып, баланың дене қызуы түскен соң компьютерлік томография жасайды. Баланың өкпесін өздігінен тыныстатуға мұрша бермей тұрған қақырық емес, қақалғанда өкпеге түскен еттің қалдығы екен.

    «Осылайша, баланың өкпесін еттің қалдығынан, қалған қақырықтардан тазарту үшін екпе салынады деді. 7 қараша күні медбике реанимациядан палатаға шыққан баламның сол қолына катетр арқылы антибиотик екті. Бес минуттан кейін баланың саусақтары қарайып, бала қолын көрсетіп жылаған. Әжесі медбикеге айтқанда, қалыпты жағдай деген жауап естиді.

    Біраздан кейін баланың қолы мұздап, ағарып, артынша, қайта қарайғанда, екпе салған медбике, облыстық балалар ауруханасындағы пульманология бөлімінің меңгерушісі, хирург түгел баланы қараған. Бәрі бірауыздан қалыпты жағдай, массаж жасай беріңіздер деп, кеңес береді. Тек ертеңінде, 8 қараша күні балам тағы да реанимацияға түсті. Төрт күн бойы еш шара қолдана алмаған Ақмола облыстық аурухана баламды қайтадан Нұр-Сұлтанның ауруханасына жіберді», — дейді Ақбөпе.

    Ол жиырма күн бойы баласының аман қалғанына шүкір етіп, ешкімге арызданбаймыз деген ниетте болған. Бірақ, осы жиырма күн ішінде жағдайға кінәлі адамдардың ешбірі тым құрығанда телефон арқылы хабарласып, кешірім сұраған жоқ дейді.

    «Менің түсінгенім, балам ертең өседі, менен «мама, менің бір қолым қайда?» деп сұрайды. Сондықтан, қазірден қамданып, балама ми арқылы жұмыс істейтін протез алғым келеді. Сондықтан, баламның болашағы үшін қазірден бастап жүгірмесем болмайды. Осы істі түбіне дейін жеткіземін, Денсаулық сақтау министрлігіне дейін шағымданып, сотқа жеткіземіз», — деп бекініп отыр ана.

    Ал, редакция Көкшетаудағы Ақмола облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің осы мәселеге қатысты пікірін күтіп отыр. Қолымызға түсе сала, жариялаймыз.

    қатысты посттар

    Әйеліңізді бақытты ету үшін 35 кеңес

    ШЫМКЕНТ: Үш ауысымды мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады

    Фариза

    Адам ағзасына ең пайдалы сусындар

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.