26 C
Алматы
Воскресенье, 27 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ұлттық валютаға өзінің портреті салынған нұсқаны Елбасы қабылдамаған

    Бүгін — Ұлттық валюта күні

    Бүгін еліміз 15-қараша күні Ұлттық валюта күнін атап өтуде. Қазақстан 1993 жылға дейін рубльдік жүйеде болып, тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады.

    Алайда 1992 жылы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың құпия тапсырмасы бойынша, жеті адамнан құралған арнайы комиссия ұлттық валюта енгізу мен оны жасап шығару жұмысы бойынша іске кіріскен болатын. Елбасының «ХХІ ғасыр тоғысында» атты кітабында ұлттық валютаны енгізуге қатысты тың ақпараттар жетерлік.

    Ұлттық валютаны жасаушы топтың әрбір мүшесінен құпияны жарияламау туралы қолхат алынған. Валюта дизайнін суретші Тимур Сүлейменов бастаған топ жасап шығуға тиіс болды. Ұлттық теңгені жасау үлкен жұмыстармен қатар, қызықты сәттерге де толы болған. Бір суретші президенттің портреті салынған валютаны ұсынған сәтте, Елбасы ол нұсқаны бірден жарамсыз деп тауып, қабылдамағаны кітапта жазылған.

    Алғашқы валютада ұлы бабаларымыздың суреттерін салынып, артқы бетіне табиғи саябақтар мен еліміздің көрікті жерлері бейнеленді.

    Дереккөз: Bugin.kz

    қатысты посттар

    42 500 теңгені алу үшін карточкалық шоттарын пайдалануға болады

    Фариза

    Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді

    Фариза

    Түркістан облысында корпоративтен «қашқан» шенеуніктер видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.