-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Атыраудағы екі мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілмек

    Атырау облысындағы екі мектепке ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың есімі берілуі мүмкін. Олар Исатай және Құрманғазы аудандарында орналасқан. Бұл туралы Қазақ радиосына берген сұқбатында Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Дияшова айтты.

    «Биыл өздеріңіз білетіндей Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы аталып өтті. Поэзия падишасы Атырау облысының тумасы және біздің мақтанышымыз. Мектептерге Фариза Оңғарсынованың атын беру туралы бастама республикалық ономастикалық комиссия отырысында қаралады. Комиссияда мақұлданған соң үкімет қаулысының жобасын әзірлейміз. Бір мектеп Исатай ауданындағы Манаш елдімекенінде орналасқан, екіншісі Құрманғазы ауданындағы қазіргі Н.Крупская атындағы орта мектеп»,-дейді Жеміс Дияшова.

    Ұлт зиялыларын ұлықтау теріскейде де жүруде.  Атап айтсақ, Петропавл қаласындағы өнер колледжіне Ермек Серкебаевтың есімін беру туралы шешім облыс деңгейінде қабылданған. Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтановтың сөзінше мұндай ұсыныс тек колледж ұжымынан ғана емес жергілікті зиялылардан да келіп түскен.

    «Бұл ұсыныс қазір облыстың ономастикалық комиссиясында мақұлданып, көпшіліктің қолдауына ие болды. Қазір үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжат тиісті министрліктің келісімінен кейін үкімет басшысының кеңсесіне жолданады», — дейді Ернияз Сұлтанов.

    Айта кету керек, қазір көптеген өңірлерде жер-су, көше және нысандарға қазақша атаулар беру жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Мысалы Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жаңа ықшам аудандардағы бірнеше көше  Кейкі, Кетбұға батырлардың және Жұмабек Тәшеновтың, композитор Александр Затаевичтің есімдерімен аталуы мүмкін. Атауларды ауыстыру елордада да жүруде. Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 білім беру орталығына белгілі тұлғалардың есімдерін беру мәселесі қалалық ономастикалық комиссияда қарастырылып оң шешімін тапқан. Жіберілген ұсыныс үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға қарастыру үшін жіберіледі.

    қатысты посттар

    Мейрамбек Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын (видео)

    Фариза

    «Хүррем Сұлтан» Қазақстанға келеді

    Фариза

    «Концертке барғымыз келмейді» — Димаш пен Қайраттың тыңдармандары желіні шулатты

    Пікір қалдыру

    sixteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.