-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Ашқұрсақ халықты алдау оңай» Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Қазіргі таңда лоторея ойнататын танымал жандар аз емес. Танымал тұлғаларға сен қарапайым халық кейде тіпті алданып та қалып жатады. 

    Әнші Нұрлан Еспанов 20 көлікті ұтысқа қойған. Қазақстанда лоторея ойнатуға жалғыз ғана оператор -компанияның қақысы бар. Мемлекет соған ғана лицензия, рұқсат берген. Ал өзге адамдардың ойнатып жатқан лоторея байқауы заңсыз болып саналады.

    Осыған байланысты танымал журналист Арман Сқабылұлы өз пікірін айтты, — деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ашқұрсақ халықты алдау оңай. Елдің тұрмыс-тіршілігі төмендеген сайын «аңқау елге арамза молда» да көбейе ме деймін. Қазір әлеуметтік желіде «лоторея ойнату» деген бәле қатты белең алды. «Он мың теңгеге билет алсаң автомобиль ұтасың, екі бөлмелі пәтердің кілтін ұстатамыз» деген жарнамадан көз сүрінеді. Еспанов деген әнші тіпті 20 көлікті ұтысқа қойыпты. Жалпы құны 61 миллион теңге! Бұл не деген «батпан құйрық»! Біздің білуімізше Қазақстанда лоторея ойнатуға жалғыз ғана оператор -компанияның қақысы бар. Мемлекет соған ғана лицензия, рұқсат берген. Қалғандарынікі заңсыз. Халықты алдау. Заңды белден басу. Заңды бұзғандар онда неге жазаланбайды? Салық төлемей миллиондарды қалтаға басқандарға тиісті органдар неге көз жұмады?

    Бұл сауалдардың жауабын бүгін Парламенттегі дереккөзден алдық. Алаяқтар, абайлаңыздар! Енді «Лоторея қызметі туралы заңға» толықтырулар енгізілген соң «лоторея-лохотроннан» пайда тапқыш Еспанов және сол секілділер мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (500 000 теңге) айыппұл төлейді. Ұтысы тәркіленеді. Оған көнбей жұртты алдауды жалғастыра берсе жазасы тіпті ауырлайды. Ал, аңқау халқыма айтарым- алаяқ-лотореядан алыстау жүрейікші! Алданып болдық қой! Бізді кім алдамады? Ендігі қалғаны «Еспановтар» еді», — деп жазды журналист.

    Қазіргі таңда, Нұрлан Еспанов 20 көлігін ұтысқа қойған болса, жас әнші Ислам Алтайбаев бірден екі пәтерді ұтысқа қойған екен. Ал танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кітабын сатып алғандардың біріне Нұр-Сұлтан қаласындағы 100 миллион теңгелік пентхаус үйін сыйға бермек.

    қатысты посттар

    Арыс, Тараз, ендігі кезек Ақтөбеде ме? Ақжар ауылының тұрғындары «жұмбақ қоймадан» қорқуда

    Фариза

    Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 6 айға дейін босатылады

    Фариза

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.