17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Семейде түрме басшысы ішімдікке тойып алып, қамаудағы 12 адамды сабап тастаған

    Семейде түрме басшысы ішімдікке тойып алып, тергеу үшін қамауда отырған 12 адамды сабап тастаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді.

    Белгілі болғандай, басшыға қатысты істі Шығыс Қазақстан полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің тергеушісі жүргізген. Бірақ, қылмыс құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді.

    Шығыс Қазақстан прокуратурасы бұл істі тоқтату туралы заңсыз шешімнің көзін жойып, оны арнайы прокурорларға тапсырды, деп жазады басылым.

    Істі арнайы прокуратура қолға алғанын білген түрме басшысы, тергеуден қаша бастаған. Сөйтіп тергеу судьясы. Ол бір жылдан астам уақыт бойы іздестіріліп, ақыры Алматыда қамауға алынды.

    Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Оның кішкентай балаларының болуын және оның отбасында жалғыз асыраушы екендігін ескере отырып, № 2 Семей қалалық соты оған ең аз жаза түрін, яғни үш жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

    Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарында бес жыл қызмет атқару құқығынан және полиция майоры атағынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    қатысты посттар

    “Прокурордың әйелімін” деген әйел кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын айтты 

    Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

    Фариза

    83 мың айыппұлды шығарған кім? Қай Қазақстанда тұрады ол?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.