Мемлекет басшысы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты тапсырма берді.
«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек», — дейді президент.Тоқаев осыған байланысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бергенін атап өтті.
«Алдымызда ауқымды жұмыс тұр», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпанында сол кездегі мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен болатын. Жарлықпен мына жерде танысуға болады.