16.4 C
Алматы
Воскресенье, 1 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Аяусыз ұрған»: Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

    Қарағандының ірі сауда орталығының алдында қыздар төбелесіп мәселе «шешпек» болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

    Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды. 12 жасар жеткіншектер бір-бірін көк ала қойдай еткен. Мектеп оқушыларының арасындағы жұдырықтасу ұзаққа созылған жоқ. Өткінші адамдар оларды зорға ажыратып алды.

    «Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны — түсініксіз. Төбелеске дейін олар телефон арқылы сөйлесіп, содан кейін Қарағандыдағы орталық алаңды спарринг үшін таңдап, кездескен», — делінген сюжетте.

     

    Аталған іске байланысты іс қозғаған полицейлер жас өспірімдерге айыппұл салынатынын айтады. Шаш жұлысқан төбелестен қыздардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

    «Әлеуметтік желілерде таралған видео бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиға қатысушылар анықталды», — деді Қарағанды облысы ЖП баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

    қатысты посттар

    «Мұсылманның қанын мұсылман жүктемеуі керек», — депутат Смағұлов Қордайдағы жанжалдың қалай басталғанын айтты

    Әлемдік саясаткерлер мен лидерлер Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты

    900 жылдық тарихы бар Құдай-Ана ғибадатханасы өртке оранды (фото, видео)

    Пікір қалдыру

    fifteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.