-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Биыл туған нәрестелер Қазақстанды шығынға батырады — сарапшылар

    Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қарастырылатын қаржыны қазірден көбейтпесе, келешекте ел қазынасы 25 процент кірістен қағылады. Мұндай болжамды аналитикалық порталдардың бірі жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

    Дүние есігін жаңа ғана ашқан мына сәбилер «адами капитал», «қазына кірісі» деген түсініктерден әзірге бейхабар. Бірақ дәл осы нәрестелер ертең елге шығын әкелуі мүмкін. Мұны аналитикалық орталықтардың бірі болжап отыр.

    «Жаңа туған нәрестенің кәмелеттік жасқа толғандағы еңбек өнімділігі 75 процентті құрайтын болады. Бұл берілген білімді толық меңгеріп, дені сау болған жағдайдағы көрсеткіш. Яғни, ұзақмерзімді перспективада Қазақстан өзінің 25 процент табысын жоғалтады деген сөз», — деп жазылған Finreview порталында.

    Былтыр адами капитал индексі бойынша еліміз 31-орынға тұрақтап, 0,75 көрсеткішке ие болыпты. 25 процент табыстан қағыламыз деген нәтиже осыдан шықса керек. Жағымсыз болжаммен бірге кеңес те берілген. Білім беру мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны көбейту керек дейді.

    «Мемлекет тарапынан жұмыс жасалмады деген сөз жоқ. Ал бірақ та оның қандай деңгейде жасалғаны, ол қалай жүріп жатыр сондықтан білім реформасының өзінің реті болады. Сол кезде көптеген проблема туындап жатады. Мен ойлаймын, мемлекет тарапынан аз ақша бөлініп жатқан жоқ», — дейді қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева.

    Соңғы он жылда білім беру саласына қаржы бірде көп, бірде аз бөлініп келгені айтылған. Оған бірнеше мәрте жүргізілген реформалар себеп болған еді. Әрине маман әзірлеуде ұстаздарға баса назар аударылуы тиіс. Өкінішке орай, қазір мұғалімдер қатарын жастар бәсең толтыруда. Айтпақшы бұл мәселе Еуропа халықтарын да алаңдатып жатыр екен.

    «Ұстаздық етуге жас мамандарды тарту Еуропа елдері үшін де өзекті мәселе қазір. Ең бірінші кезекте ұстаздың жоғары жалақысы, қолайлы еңбек жағдайы болуы керек. Сонымен қатар, мұғалім тәуелсіз маман болуы шарт. Үкімет ұстаздарға сенім артуы тиіс. Өздігінен шешім қабылдай алса, нәтиже болады», — дейді білім кәсіподақтарының еуропалық комитетінің президенті Кристин Блоуер.

    Мәжілісте бюджет тағы бір нақтыланған болатын. Білім, денсаулық, жалпы әлеуметтік салаға биыл біраз қаржы жұмсалатын секілді.

    «Бүгін, міне бюджетті қарадық. Соның 45 пайызын әлеуметтік салаға жібердік. Соның ішінде мына білімге, денсаулық саласына соның бәрі осы адам капиталын дамуына жасалған ақша ғой», — дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дания Еспаева.

    Биліктегілерді тыңдасақ, жағымсыз болжам жоққа шығатын секілді. Әрине, сөзбен айтылған жоспар іспен жанасса. Биыл ғана ұстаздардың жалақысы біртіндеп екі есе өсетіні айтылған еді. Мұның өзі салаға жұмсалған бюджеттің артатынын көрсетсе керек. Бір түйін кіріс көргің келсе, қазір шығындал дегенге саяды.

     

    қатысты посттар

    Ақысы төленетін 5 күндік демалыс беріледі: Министр қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

    Фариза

    Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не себепті қатыспағаны белгілі болды

    Фариза

    Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.