Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    DQ әтірі сатылымға шықты: Димаш парфюмі қанша тұрады?

    Бүгін Алматы қаласы Мега ойын-сауық орталығында Димаш Құдайбергеннің DQ әтірінің тұсау кесер рәсімі өтті. Кеште Димаштың ата-анасы, отандық әншілер, сондай-ақ әтірдің шығуына демеушілік еткен шетелдік қонақтар болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Тұсау кесерге келген Димаштың көрермендеріне Қанат Айтпаев пен Света Айтпаева үлкен алғыстарын білдірді.

    «Армысыздар, ардақты ағайын, қымбатты достар! Алатаудың баурайында сіздермен жүздесу біз үшін үлкен құрмет. Қолдау білдіріп, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Бір жыл бұрын Димаштың әтірін жасап шығарсақ деген ойға тоқталған болатынбыз. Соның нәтижесі қаншама ізденістер мен бірнеше азаматтардың бас біріктіріп, еңбегін ортаға тоғыстыру нәтижесінде бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Сондықтан да, бүгін ұсынылып отырған әтірдің иісі әрбір шаңырақта сезіліп тұратынына сенгіміз келеді. Ер балаларға және әйел адамдарға арналған екі түрі бар. Екі иістің бір-біріне тартылуы нәтижесінде өмірде көптеген бақытты отбасылар дүниеге келгені секілді көптеген ғашықтар бір-біріне ынтызар болсын деген ниеттеміз. Біздің ниетіміз осы. Сондықтан да, осы өнімді тұтынуға шақырамын. Көптен- көп сіздерге алғысымды айтқым келеді», — деді Димаштың әкесі.

    Сондай-ақ Димаштың анасы да қолдау көрсеткен барша демеушілермен, қонақтарға алғысын жаудырды.

    «Димашқа тілеулес болып, оның әр жетістігіне шын жүрегінен қуанатын сіздерге мың мәрте алғыстан басқа айтарым жоқ. Сондай-ақ демеушілік еткен барша жандарға ризашылығымды білдіремін», — деді Света Айтпаева.

    Тұсаукесерге Қазақстанның әр қаласынан бөлек, көршілес Ресей, Қырғызстан елінен де Димаштың фанаттары келіп, керемет кештің куәсі болды.

    Бүгінгі күннен бастап қолданысқа шыққан әтірлер ерлерге де, әйелдерге де арналған. Өнімнің бағасы 35 мың теңгені құрайды.

    қатысты посттар

    «Президент театр жұмысшыларының жалақысын естігенде, үнжырғасы түсіп кетті

    Қызылордалық ақын жағымды жаңалығымен бөлісіп, сүйінші сұрады

    «Қыздар ана жерлеріңе ие болыңдар…»

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.