29.3 C
Алматы
Среда, 4 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

    Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат- қа сілтеме жасап.

    «Сағат 11.32-де Байқоңыр ауданы Күлтөбе бұрылысындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатының терезесінен үйде қараусыз қалған бала құлап кетті. 2017 жылы туған бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Сол секілді сағат 12.39-да Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 2015 жылы туған бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Оның да жағдайы ауыр», — деп хабарлайды комитеттен.

    Сонымен бірге, сағат 16.01-де Алматы ауданы Мүсірепов көшесінде бесінші қабаттың терезесінен үйде қараусыз қалған қыз бала құлап кеткен. 6 жасар бала ауруханада ауыр халде жатыр.

    Төтенше жағдайлар комитеті мұндай қауіпті жағдайлар балалардың қараусыз қалуы салдарынан орын алатынын хабарлайды. Комитет ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

    қатысты посттар

    Мәскеудегі трагедия: экипаж бен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасы жарияланды (видео, фото)

    Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу ісі аяқталды

    Фариза

    Үш қызды азаптаған жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.