9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    “Сені мазаққа айналдыратын еліңнің туын не үшін көкке көтеруің керек” Қуат Хамитов Тоқаевтан спортшылар мәселесін шешуді талап етті

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Спортшы күрестен Әлем чемпионатында жүлделі орын иеленген спортшыларға берілетін қаржының аз екенін айтып, мәселенің бір шешімін шығаруды талап етті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    MMA шебері бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды.

    “Барлық күрес өкілдері мен спорт министрлігіне, сондай-ақ осыған қандай да бір қатысы бар адамдарға үндеу жолдағым келеді.

    Сіздердің бүгінгі жасаған әрекеттеріңіз Қазақстан спорты үшін нағыз масқара! Бұл нағыз мазақ. Өз уақытымда мен де сіздер сияқтылар үшін күресті тастап кеткенмін, неге екенін білесіздер ме? Міне, сіздерге дәлел.

    Әлем чемпионатындағы күміс және қола жүлде үшін 7000-5000 доллар беріледі.

    Осы кезде неліктен соңында сені мазаққа айналдыратын еліңнің туын көкке көтеру үшін жастығыңды, денсаулығыңды жұмсауың керек деген сұрақ туындайды.

    Осыдан кейін қандай әке, қандай шеше өз баласын спортқа бергісі келеді?! Балаларында қандай ынта бар?

    7-ші сыныптан бері мен осы жігіттермен бірге өстім, бәрі бас-басына мүгедек. Ал олар әрі қарай үйленіп, отбасын құрууы керек, ал кейбіреулер үшін бұл Әлем чемпионатындағы соңғы медаль. Әрі қарай қалай өмір сүру керек?

    Мен жоғарыда отырғандар халықтың ақшасын ары-бері жұмсап, өз көңілдестеріне шуба мен көлік алып беретініне, оларға өз чемпиондарынан да артық ақша жұмсайтынына сенімдімін! Қалай ұялмайсыздар?

    Тоқаев мырза, мен сізден осы мәселені шешуді сұраймын және талап етемін!

    Мен әр чемпион кем дегенде 100 мың доллар, тым болмаса пәтер алуы қажет деп есептеймін! Ал бұл футболшылардың бір айлық жалақысы, ал күрес пен бокс футбол емес!”,- деп жазды ол.

    https://www.instagram.com/p/B3ZfIusnGD_/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    Меркі ауылында спорт кешені ашылды

    Фариза

    Мен қаншалықты аты шыққан боксшы болғаныммен, АҚШ-та маған көрермен жоқ – Қанат Ислам

    Фариза

    Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.