19 C
Алматы
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Асқар Тұңғышбаевты №4 қалалық ауруханадағы әріптестері көздеріне жас алып қарсы алды (видео)

    Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан кейін тұтқындалған екі дәрігердің бірі – анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты №4 қалалық ауруханадағы әріптестері көздеріне жас алып, қарсы алды. Бұл көріністі Аида Жексен телеграм каналында жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Arasha.kzпорталына сілтеме жасап.

    Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң №4 қалалық ауруханының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған. Оларға әріптестері – дәрігерлер араша түсіп, үндеу жариялады. Сондай-ақ Қанат Тезекбаевтың жары Дина Тезекбаева да президент Қ.Тоқаевқа хат жазған. Кеше президент дәрігерлер ісіне араласып, істі бақылауға алуға тапсырған еді. Іле шала Қанат Тезекбаев босатылды. Ал бүгін Асқар Тұңғышбаев та босап шықты. Екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

    қатысты посттар

    Қордайдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты тың дерек шықты

    8 сағат көлікте қамалып қалған егіз бүлдіршіндер көз жұмды

    Шашылған мәйіттер, өртенген көліктер, көшедегі қырғын. Бучада не болды?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.