-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Үкімді естуге сотқа әкелінбек» Айсұлтан Назарбаевтың ісі туралы жаңа дерек шықты

    Лондон полициясы бұзақылық жасады деп айыптаған Айсұлтан НАЗАРБАЕВ ісі туралы жаңа дерек жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Британиялық Mail Online сайтының жазуына қарағанда, «маусымның 5-інде Лондон орталығындағы Covent Garden-дегі бөгде адамның пәтерінде ұсталған 29 жастағы Айсұлтан Назарбаев полиция қызметкері Росс Сэмбруктың қолын қатты тістеп алған. Офицердің қолында қан ізі қалған деп мәлімдеді Саузуорк корольдік соты”.

    Прокурор Грегор МакКинлидің айтуынша, Назарбаев Тависток көшесіндегі пәтерде ұсталған. «Онда полиция қызметкерлерімен төбелес болып, офицерлердің бірі қатты жарақат алған». МакКинлидің айтуынша, полиция Назарбаев пәтерге ұрлыққа түсті деп ойлаған.

    Бұның алдында екі күн бұрын ғана International Park Plaza қонақүйіне шақырылған полицейлерді Айсұлтан Назарбаев балконнан секіремін деп қорқытқан.

    Прокурордың айтуынша, енді Қазақстанның ресми орындары Лондон қалалық полициясымен байланысып, оны «жай ғана депортациялауды» сұрап отыр.

    Айсұлтан Назарбаевтың қорғаушысы Алисдар УИЛЬЯМСОННЫҢ айтуынша, Қазақстан үкіметі тергеушілермен ынтымақтасып келеді және олар «Британия билігі паспортын тартып алған соң Назарбаевқа жаңа паспорт бермейтінін айтқан».

    «Бұл — бір түсініксіз жағдай. Полицейлер келгенде айыпталушы пәтерде болған. Пәтерден ештеңе ұрланбаған, бірақ (пәтерге) аздаған зақым келген, шығын сомасы 5 мың фунт шамасында деп айтылды» дейді Уильямсон.

    Судья Мартин БЕДДОЙ 29 жастағы жігітті кепілдікпен босатудан бас тартып, оның Priory Hospital ауруханасында есірткіге тәуелділіктен емдету жөнінде ұйғарымға келген.

    «Бұл жағдай есірткінің әсерінен болды деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын. Айыпталушының халі өте нашар болған. Бұл айыпталушының А санатындағы есірткіні қолдануына орай ауыр проблемасы бар» деген судья.

    Басылымның жазуынша, «Айсұлтан Назарбаев шабуыл жасағанын, адам денсаулығына зиян келтіргенін және мүлікті бүлдіргенін мойындаған. Енді ол қазанның 18-і күні үкімді естуге сотқа әкелінбек».

    қатысты посттар

    Дүнгендер Тоқаевқа қандай уәде берді?

    Фариза

    «Басшылық арыз жаз деді» Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

    Фариза

    «Бұл жұмысқа жемқорлықпен айналысу үшін келген жоқпын» — Мәнізоров қызметінен кетті

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.