Вторник, 20 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шамалғанда темір жолға тағы бір автобус кептеліп қалды (видео)

    Шамалғанда, автобус пен пойыз апаты болған жерде тағы қоғамдық көлік өткелдің дәл ортасында тұрып қалды. Тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап.

    Анықталғаны, ішкі істер министрлігі көліктік полиция департаменті сотқа дейінгі тексеру амалдарын жасап жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстары жүргізілгенше құпияда сақталады деді құзырлылар. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде.

    Айта кетейік, 15-қыркүйекте дәл осы Шамалған стансасындағы өткелде пойыз автобусты қағып, бір адам мерт болды. Ал, үш адам ауруханада ауыр халде жатыр.

    қатысты посттар

    «Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда»

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    Арыс қаласынан келген балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.