-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Менің Жанарға ренішім жоқ…» — Нұржан Керменбаев

    Елімізге белгілі әнші Нұржан Керменбаев Instagram парақшасында марқұм Жанар Хамитованың туыстарына көңіл айтып, оқырмандардан отбасына тіл тигізбеулерін сұрады деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Суыт хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын.

    Кезінде «Арнау» дуэтінің экс-солисті болғандықтан да маған көптеген смс, хаттар жолдануда. Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім. «Нұржан сен ақша қарызсың қайтар» деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар. Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұраған. Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен хайп үшін айтқанын жеткізді. Сол ортақ достарымыз куә. Менің Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып,күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын. Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар: Біреудің мінін тергенше, Жамандығын көргенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен күрес өлгенше…  Жанардың отбасына,ағайын-туыс,бауырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жататын жері жайлы,топырағы торқа болғай», — деп жазды Нұржан Керменбаев.

    қатысты посттар

    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды?

    Қызылордалық ақын жағымды жаңалығымен бөлісіп, сүйінші сұрады

    «Мен көшедегі жезөкше емеспін» — төсін жалаңаштаған экс депутат өз қылығын түсіндірді

    Пікір қалдыру

    18 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.