-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жантүршігерлік апат салдарынан екі жүргізуші де ажал құшты (фото)

    Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілер қаза тапты

    Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Жол апаты 6 қыркүйекке қараған түні Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болыпты.

    Тойота и Субару разбились вдребезги при смертельной аварии на пр. Раимбека
    Жантүршігерлік апат салдарынан екі жүргізуші де ажал құшты

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Cresta көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол үстінде көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

    Тойота и Субару разбились вдребезги при смертельной аварии на пр. Раимбека
    Жол апаты Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды

    Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.

    Көмекке ұмтылған куәгерлер көліктердің ішінен жүргізушілерді алып шықты, алайда олардың өмірлеріне араша түсе алмады. Екі жігіт те жан тапсырған екен.

    Тойота и Субару разбились вдребезги при смертельной аварии на пр. Раимбека
    Жол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы ғана аман қалған

    Жантүршігерлік апаттан Toyota көлігінде отырған қыз ғана аман қалды.

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіні қарап, шұғыл ауруханаға жатқызды. Қазір дәрігерлер қыздың өмірі үшін күресіп жатыр.

    Жол апатының мән-жайы мен кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады.

    қатысты посттар

    Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

    «Қызымды қалай өртеді, солай өртесін» Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды

    «Қолында ақ көйлегі болған…» — қалыңдық тойының қарсаңында қаза тапты

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.