-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қытаймен арада жоспарланған 55 жобаның бүгінге дейін 15-і іске қосылған

    Қытайдың Қазақстанда қанша компаниясы бар?

    – Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда 120-дан астам елден 330 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұның 50 пайыздан астамы Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі болса, соның ішінде Швейцариядан 25,8 млрд доллар, Франциядан 16,1 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұдан бөлек Италия, Нидерланды, Бельгия және басқа да елдерден Қазақстанға қаржы құйылды, – деді Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі informburo.kz порталына сілтеме жасап.

    Премьер-министр орынбасарының айтуынша, шетелден тартылған инвестицияның 15 пайызы АҚШ-қа тиесілі. Қазір 48 млрд доллардан асты. Ал Ұлыбритания мен Қытайдың тікелей инвестициясы шамамен 5 пайыз деңгейінде. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бұл қатынас соңғы он жылдықта айтарлықтай өзгермеген.

    1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 мың шетелдік және бірлескен компания бар. Бұлардың 35 пайызы Ресейдікі және Қазақстан мен Ресейдің бірлескен компаниялары. 10 пайызы Түркияның немесе Қазақстан мен Түркияның бірлескен компаниялары, 5,7 пайызы Өзбекстандыкі болса ал Қытайдыкі 5,6 пайызы екен.

    20 мың компанияның 5,6 пайызы Қытайдың немесе Қазақстан мен Қытайтың бірлескен компаниялары болса, бұл – Қазақстанда қазір Қытайдың қатысуымен шамамен 1 мыңнан астам компаниясы бар деген сөз.

    – Елде шетелдік компаниялардың болуы бұл ең алдымен елдің инвестициялық ахуалының жақсы екенін көрсетеді. Оның үстіне шетелдік компаниялармен бірге инвестиция ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар да келеді, – деді Жеңіс Қасымбек.

    Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2010 жылдан бері шетелдік инвестицияға уәкілетті органдар шетелдік 650 жобаны қарастырған. Соның ішінде 185 жоба Еуроодақ елдеріне тиесілі болса, Ресеймен арадағы жобалар саны – 111, Түркиямен бірлескен жобалар 80, ал Қытаймен 55 жоба қарастырылған екен.

    – Ұсынылған жобалардың ішінде жоғары технологияны әкелетін, Қазақстандық қамтуды көбейтетін және жергілікті халықты жұмыспен қамтитын жобалар мақұлданады, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

    Қытай компанияларындағы жұмыскерлердің кем дегенде 95 пайызы қазақстандықтар

    Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2010 жылдан бері жалпы құны 16,2 млрд доллардан асатын 135 жоба іске асырылған. Соның ішінде Қытаймен арада жоспарланған 55 жобаның бүгінге дейін 15-і іске қосылған.

    Жалпы, 55 жобаның ішінде ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік және логистика жолбалары бар.

    Бүгінге дейін 15 жобаны іске асыруға 3,9 млрд доллар салынып, 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Соның ішінде жұмысшылардың 95 пайызының Қазақстан азаматтары екенін айта кету керек.

    – Мысалы, Қытайдың JAC автокөліктерін құрастыратын «Сарыарқа Автоөнеркәсіп» компаниясының қызметкерлерінің 100 пайызы қазақстандықтар. Бұл компания Қытайдың Ресей мен Белурське шығатынын алаңына айналды. Бұл сияқты басқа да жобалар көп. Бозшакөл мен Ақтоғайда да қызметкерлерінің 100 пайызы қазақстандықтар. «Тайынша май» кәсіпорнын да Қытай қаржыландырғанымен, Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Жыл соңына дейін жоғары технологиялар қолданылатын тағы 5 бірлескен жоба іске қосылады. Мәселен, Алматыдағы құбыр шығаратын үлкен зауыт жыл соңына дейін ашылады, – деді Жеңіс Қасымбек.

    Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жоғарыда аталған 55 жобаны енді бесеуі жыл соңына дейін іске қосылмақ. Жалпы, жобалардың барлығы толығымен іске асырылуына 5-6 жылдай уақыт қажет. Ал ашылатын жұмыс орындарының саны 20 мың болады.

    Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары Қытайдың 55 жобасының тек біреуіне ғана, яғни Астана LRT жобасына ғана мемлекеттік кепілдік бар екенін мәлімдеді.

    55 жоба Қытайдың ескі зауыттары ма?

    Әлеуметтік желілерде «Қытайдан ескі 55 зауытты көшіреді екен» деген қауесет тарап кеткені белгілі. Бұл туралы Жеңіс Қасымбек былай деді:

    – Ресми түрде мәлімдеймін, ешқандай да ескі зауыт болмайды. Ешқайсысы Қытайдан көшірілетін зауыт емес. Барлық жоба жаңа. Соның бірі – таяуда ғана Қапшағайда ашылған күн энергетикасының жобасы. Онда 30 адам жұмыс істейді, бәрі – Қазақстан азаматтары. Өндіріс жаңа, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

    Жалақы дискриминациясы Үкімет назарында

    Жаз кезінде шетелдік кәсіпорындарындағы шетелдіктер мен қазақстандық жұмыскерлер жалақысының тең еместігі көтерілгені белгілі. Осы орайда Жеңіс Қасымбек 55 жоба іске қосылғанда мұндай түсініспеушілік болмау үшін Үкіметтің қандай шараны қолға алып жатқанын айтты.

    – 55 жоба бойынша келісімшарттарымыздың ішінде Қытай компанияларының отандық мамандарды оқытуға міндеттеу қарастырылған. Бұл жалпы, Үкімет пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауындағы мәселе. Бұны құқық қорғау органдары да қадағалайды, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

    Жобалар қай өңірлерде ашылады?

    Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардың бірінде Қытайдың зауыттары әдейілеп Қазақстанның барлық өңіріне теңдей бөлініп салынады делінген. Бұл ақпаратты Үкімет басшысының орынбасары жалған деп мәлімдеді.

    – Бес зауытты мына өңірге, алты зауытты ана өңірге салу керек деген арнайы шешім жоқ. Жобалардың құрылысы – тек бизнестің өз бастамасы. Ал өңірлер бойынша, олардың сипаттамасына сай, кей салалардың кәсіпорындары белгілі бір өңірлерге салынуы заңды. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Алматы облысында жел және күн энергетикасы жобалары қолға алынса, орталық өңірде металлургия, Қостанай мен оңтүстік машина жасау салалары бойынша жобалар бар, – деді Жеңіс Қасымбек.

    қатысты посттар

    Мыңдаған адамның өмірін жалмаған Boeing 737-нің 30 қалдығын Қазақстан қандай мақсатта сатып алмақ?

    Фариза

    «Ринат, сен өтірік айтпа! Халықты Храпуновпен алдама!» (видео)

    Дүңгендер қазақша үйренуі тиіс — Тоқаев Түймебаевқа тапсырма берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.