-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жағдай туралы

    Аягөз қаласындағы «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ болған жағдайға байланысты облыс әкімі Д.К. Ахметовтың 2019 жылғы 29 тамыздағы өкімімен құрылған комиссия жұмысы аясында 3 қыркүйек күні Аягөз қаласына  облыс прокурорының орынбасары Е.Жұбанов, полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Зәкімов, облыс әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова келді. Сапардың мақсаты — мекемені тексеруге кірістірілген құзыретті органдардың  жұмысымен және тергеу барысымен танысу.

    Олар Аягөз аудандық полиция бөлімінде жұмыс кеңесін өткізіп, нәтижесі бойынша бірқатар ұсыныстар  жасады, соның ішінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін тарта отырып орталықтың барлық тәрбиеленушілерін қайта медициналық тексеруден өткізу. Облыс әкімі тиісті қолдаухатқа қол қойды.

    Аталған істің қоғамдық резонанс тудыруына байланысты сотқа дейінгі тергеу материалдары облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды. Қадағалауды облыс прокуратурасы жүргізеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысына 271 млрд теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

    Фариза

    Интенсивті алма бағының болашағы зор

    Жамбылдық жас өнертапқыштардың жетістіктері сүйсіндіреді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.