4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Медиа

    9-жасар қалыңдық: Үйлену тойдағы видео жұртты жылатты

    Ирандық журналист Масих Алинежад Твиттерде ересек адам мен кішкентай қыздың үйлену тойының видеосын жариялады.

    Роликте ересектер мен балалар жиналған отбасылық мереке көрініс тапқан. Олар қол шапалақтап, ән айтып, би билейді. Бөлменің ортасында күйеу жігіт пен қалыңдық – сақалды жігіт пен кішкентай қыз диванда отырады. Бір кезде қыз көз жасын сүртіп жатқаны көрінеді.

    Журналист бұл видеоны көрген кезде жылап жібергенін жазды.

    «Ислам заңы бойынша 13 жастағы қыз тұрмысқа шыға алады, алайда киімін өздігінен таңдай алмайды», — дейді ол.

    Роликті 450 мыңнан астам адам көріп, 5,3 мың адам бөлісті.

    Көптеген қолданушы мұндай үйлену тойын қылмыс деп атап, Алинежадты қолдады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

    «Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр», — деп жазды Nicky Larkin деген қолданушы.

    Осы жағдайдан кейін, баланың ата-анасы сотқа шақырылған. Қалыңдық 11 жаста, күйеу 22 жаста екені анықталды. Отбасы жастар әзірге бірге тұрмайтынын, оларға танысуға уақыт берілгенін мәлімдеді.

    Судья некені заңсыз деп тауып, оны бұзды. Жастар қалыңдық 13 жасқа толғаннан кейін соттың рұқсатымен отбасын құра алады.

    https://twitter.com/AlinejadMasih/status/1168617597455294465

    қатысты посттар

    «Мені де, бауырларымды да ұрады»: Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

    Фариза

    Ораза ұстамаудың себеп-сылтаулары туралы жұлдыздардың пікірі

    Дәрігерлерге пранк жасаған танымал блогер жазалануы мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.