-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Төреғали Төрәлі: Әкім болғым келмейді, жұрт ақысын жеп жүрген

    Белгілі әнші Төреғали Төрәлі «АДАМ болғым келеді!», — деп қазіргі заманның ащы шындықтарын өлеңмен өрнектеп, халқына жолдапты. Ол өзінің бұл өлеңін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Аталшыш өлең жолдарын Qazweek.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

    Ақын болғым келмейді
    Ақ қағазға телмірген,
    Батыр болғым келмейді
    Өлгеннен соң ел білген.
    Әкім болғым келмейді,
    Жұрт ақысын жеп жүрген
    Шопыр болғым келмейді,
    Үйін көрмей жол жүрген.

    Ұстаз болғым келмейді
    Тентектермен алысқан,
    Доғдыр болғым келмейді
    Теріс укол шанышқан.
    Гаи да болғым келмейді
    Пара беріп жарысқан
    Бай да болғым келмейді
    Сыйласатын алыстан..

    Басымдағы бағымды
    Алла ғана береді,
    Тауып жермін нанымды
    Анам маған сенеді.
    БақытТты етіп жарымды
    Адал болғым келеді,
    Қарапайым кәдімгі
    АДАМ болғым келеді!

    https://www.instagram.com/p/B15QE1ggm_2/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    #Abai175: Абайдың өлеңін қытай тілінде оқыған Джек Ма жұртты таңқалдырды (видео)

    Ержан Максим тегінің неге «Максим» екенін түсіндірді

    «Сайлауға түскенде Қосановтан көбірек дауыс жинай алар едім…» — Жүрсін Ерман

    Пікір қалдыру

    seven + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.