33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    «Әкеміздің өлімін жасырып отыр» Ауруханада шу шықты

    Оқиға №7 ауруханада болған. Туыстары дәрігерлер науқастың өлімін жасырып отыр деп шешкен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерін науқастың туыстары соққыға жықты.

    Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жансақтау бөлімінде жатқан науқастың туыстары келген. Мамандар науқасты жансақтау бөлімінде тағы бір күнге қалдырғандықтан, жақындары шу шығарыпты.

    Олар мекеме қызметкерлері әкелерінің өлімін жасырып отыр деп шешсе керек.

    «Біреуі санитарды металл балдақпен бірнеше рет кеуде тұсынан ұрды. Кейін аға медбикеге бас салды. Қалған туыстары бөлім меңгерушісін күтпестен, жансақтау бөліміне баса-көктеп кірді. Үстерінде тиісті киім де болмады», — деп жазады дәрігерлер.

    Сондай-ақ, дәрігерлер науқастың туысқандарының өздерін балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткенін айтады.

    «Мән-жайды түсіндіруге тырысқан дәрігеріміз, профессор, медицина ғылымдарының докторын балағаттады», — деп жазады аурухана әкімшілігі.

    Дәрігерлер науқастың туыстарын сотқа беруді жоспарлап отыр.

    қатысты посттар

    «Бәрі жақсы болып көрінгені — иллюзия». Маман жасы 60-тан асқан қарияларға үндеу жасады

    Фариза

    ШҚО тұрғындары дабыл қағуда: Халық Қытаймен шекара бекеттерін жабуды талап етті

    Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды

    Пікір қалдыру

    four × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.