19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Геннадий Головкин өзін ресейлік деп атаған американдық журналистерге қалай жауап қайтарды?

    Геннадий Головкин өзін ресейлік деп атаған американдық журналистердің қатесін түзетті деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

    Келеңсіз оқиға Fox News радиосындағы The Ashley Webster Experience бағдаралмасы барысында орын алған.

    Головкиннің журналистерге сұхбат беру сәтінде жүргізушілердің бірі: «Ресейлік боксшылар өте мықты…», – деп айтып қалған.

    Осы кезде GGG ондай ешкімді танымайтынын алға тартқанда, бағдарлама тізгінін ұстаушы “ол сен” деп жауап берген.

    «Мен ресейлік боксшы емеспін, мен Қазақстан тумасымын. Бұл Ресей емес!», – деген Головкин бірден қарсылық білдірген.

    Журналист «Бірақ сен Кеңес Одағы…», – дей берген кезде GGG: «Бұл тым ертеде болған», – деп қысқа жауаппен қайырған.

    қатысты посттар

    Тоқаев мырза, сіз тапсырманы орындай алмадыңыз, адамдарды ит секілді екі ай үйге қамап қойдыңыз – Қуат Хамитов

    Фариза

    Конор Хабибтің әйеліне тіл тигізді

    “Олардың бәрі кезекке тұру керек…” – Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

    Пікір қалдыру

    18 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.