-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Волонтер жылы» 2020 жылы Қазақстанда қандай өзгерістер болмақ

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова «Волонтер жылы» аясында ұйымдастырылатын шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Жылдың ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жалпыұлттық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жергілікті деңгейде бірқатар шаралар қарастырылған. Әр өңірде 10-ға дейін волонтерлік стартапты қолдау және іске асыру, волонтерлер және волонтерлік ұйымдармен жұмыс бойынша үйлестіру шараларын ұйымдастыру ескерілген», — деді Г. Әбдіқалықова.

    Осы орайда ол жоғарыда аталған Президенттің тапсырмаларын уақытылы орындау үшін мемлекеттік органдардың басшылары қажетті шаралар қабылдауы қажеттігін атап өтті.

    Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт тоқаев келесі жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болатынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажет екенін атап өтті.

    Еске салсақ, маусым айында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылдағы еріктілер жылын өткізуге қызу дайындық жүріп жатқанын айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    Фариза

    ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ COVID-19 АУРУЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ИММУНДЫ ПЛАЗМА ТАПСЫРУҒА ШАҚЫРАДЫ

    Фариза

    Қызылордада ХҚО мамандары 490 азаматты құжаттандырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.