1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Жеңгеміз құтты болсын» Нұрғали Нүсіпжанов отау құрды

    Әнші Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов үйленді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Қуандық Ешмет есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

    «Республикасының халық әртісі, Мемлкеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!», — деп жазған Қуандық Ешмет.

    Парақшаның иесі «Құрметті қазақ елі! Жеңгеміз құтты болсын!» деп Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра есімі жазылған баннердің алдында тұрған жұбайлардың суретін салған. 

    «Ол ақпарат біздің Whatsapp-тағы тобымызға келді. Нұрғали ағамызды жақсы танимыз ғой. Ол расталған ақпарат. Мен өзім ол тойға бара алмай қалдым», — деп нақтылады мәлімет Қуандық Ешмет

    Нұрғали Нүсіпжанов — 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол — Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

    қатысты посттар

    Мейрамбек Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын (видео)

    Фариза

    «Киелі киіз үйдің ішінде іш киіммен билегенді қай қазақтан көрдің, Камшат?» Жолдыбаева тағы да сынға қалды (видео)

    Фариза

    DQ әтірі сатылымға шықты: Димаш парфюмі қанша тұрады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.