Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Түркістан облысында Ер адам 80 жастағы қарт ананы тірідей өртеп жібермек болды

    Түнде ер адам көпбалалы ананың үйіне баса көктеп кіріп, оны тірідей өртеп жібере жаздады. Жаңа ұстатарлық жағдай Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі neonomad.kz басылымына сілтеме жасап.

    Түн ортасында белгісіз азамат сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ананы үстіне жанармай құйып, тірідей өртеп жібермек болып талпынған. Жанұшыра көмек сұраған әжейдің дауысын жанында жатқан немересі естіп, көмек көрсеткен.

    Адам нанғысыз оқиға ағайын-туыс пен көрші-қолаңды аяғынан тік тұрғызған. Өткен жылы да қарт әжейдің басынан дәл осындай жағдай орын алыпты. Оқыс оқиға орын алған сәтте көпшілік бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Сол күні сағаттап күттірген жедел жәрдем жетіп, қарт ананы аурухана әкетіпті.

    Алайда өкініштісі сол, жаны қиналған жанға алғашқы көмек көрсетудің орнына, үйлеріңе қайта беріңдер деп кеңес берген. Көз жасын көл еткен көпбалалы ана полиция қызметкерлері таңертең келді деп шағымын айтты.

    Орын алған оқыс оқиғаны тәртіп сақшылары бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді.

    қатысты посттар

    Сот «саяси тұтқын» Кенжебек Әбішевтің ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды

    Фариза

    Қазалыда ауыл тұрғындары көтерген мәселелер басты назарда

    Фариза

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.