-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Аузыңды ашсаң, анаңды өлтіремін» Алматыда әйелдің 60 жастағы көңілдесі 12 жасар қызын зорлап, қорқытқан

    Алматыда 60 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлаған. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып, жанайқайын жеткізді. Туған қызына өзінің кездесіп жүрген ер адамы зорлық көрсеткен. Алайда шырылдаған ана қызының зорланғанын бес ай бойы жасырып келіпті. Өйткені ер адам оны «өлтіремін» деп қорқытып келген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

     

    34 жастағы келіншек кавказ ұлтының өкілімен 2014 жылдан бері кездеседі. Ол Алматыдағы Car City сауда орталығында көлік бөлшектерін сатумен айналысады. Осы уақытқа дейін ол әйелге қаржылай көмектесіп келген. Алайда осы жылдың наурыз айында көңілдесі 12 жасар қызын зорлап тастаған. Одан кейін жеткіншекті «Аузыңды ашсаң, анаңды өлтіремін» деп қорқытыпты. Қайда барып қорғаныш іздерін білмеген келіншек, бес ай бойы қызының зорланғаны туралы тірі жанға тіс жармай келген. 

    «Ол кісімен 2014 жылдан бері кездесіп келдім. Ол кавказ ұлтынан. Қызым жайында білетін. Бізге қаражат жағынан көмектесіп тұратын. Қызым интернетта жатып оқиды. Наурыз айында демалысқа шығып, маған келген болатын. Сол  кезде ол өзінің балмұздақ алып беретінін айтты. Мен жұмысқа кетіп бара жатқан соң, қызымның өзін жібердім. Содан ойымда ештеңе жоқ, екі күннен кейін қызым болған жағдайды айтып берді. Бірден оған (күдікті –авт.) хабарласып едім, ол Қазақстанда екі күннен кейін ғана болатынын айтты. Сол кезде асықпай сөйлесеміз деді», – дейді көзіне жас алған келіншек.

    Алайда осы кезде олардың қарым-қатынасы туралы көңілдесінің әйелі біліп қойған. Содан ол кездесуді кейінге қалдырып, сөйлесуден қашқақтап келіпті. Одан қалса, «Егер біреуге айтатын болсаң, сендерді өлтіріп кетемін» деп өзіне де сес көрсетіпті. 

    «Мен оның қызыма шын тиісті ма соны білгім келді. Бірақ ол қашқақтап келді. Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген. Жыныс мүшесін салып, тоңқайып жат деген. Әрі қарай шалқайтып жатқызған. Одан кейін артқа қарай жатқызып, жаман ойын тағы іске асырған. Ісін істеп болған соң, қызымды душқа жіберген. Әрі қарай «ешкімге айтпа» деп қорқытыпты. 5 жылдан бері танитын адам қызыма мұндай опасыздық жасайды деп еш ойламадым. Мен бұл кісінің өз жазасын алғанын қалаймын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын», – дейді келіншек.

    Қыздың өзі болса, 60 жастағы еңгезердей еркекті әкесі ретінде көргенін айтады. Қонақүйге апарып, бөлмеге алып кіргенге дейін оның жаман әрекет жасайтынын сезбепті. 

    «Анам ол кезде жұмыста болған. Бірақ телефоны менде еді. Ол кісі ақша жіберетін болып, мен оны көлік жуу бекетінде күттім. Содан ол кісі көлігімен келіп, «отыр» деді. Әрі қарай мені қонақүйге алып барды. Көзіме көзілдірік кигізіп, үстіме ұзындау куртка кигізді. Маған «тыныш отыр, үндеме. Әйтпесе жаман болады» деп қонақүйдің айналасына тоқтады. Қолымнан ұстап, бөлмеге алып кірді», – деп 8-сынып оқушысы барлық болған жағдайды айтып берді.

    Жеткіншек бұл туралы анасына айтудан қорыққан. Өйткені ер адамның «анаң мен апаңды өлтіріп кетемін» деген сөзінен қорқыпты. Бірақ бір күн өткеннен кейін ғана өзінің зорланғанын анасына айтып берген. Алайда әйел бұрынғы көңілдесіне хабарласып сұрағанында, ол еш мойындамаған.

    Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама өткізіліп, 12 жасар қыздың зорланғаны дәлелденген. Алайда, жәбірленушіні өз қорғауына алған белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы күдіктінің әлі қамауға алынбағанын айтты.

    «Бұл кісілер 18 тамызда кешкі уақытта маған келді. Сөйтіп дүйсенбі күні арыз жазып, Алматы қалалық ІІД-не бардық. Әрі қарай тергеу амалдары жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кеше тергеу тобымен оқиға орнына бардық. Ол өте нашар жер екен. Ол жердегілер әлгі кісіні танып отыр. Яғни, ол адам анасының әлсіздігін пайдаланып, шарасыздығын көріп отырған соң қызына тиісіп отыр дегенге негіз бар. Кеше сот-сараптама нәтижесі бойынша қыздың айтқаны дәлелденіп отыр. Бірақ күдікті әлі қамауға алынған жоқ. Дегенмен бүгін қамауға алынуы тиіс», – дейді заңгер. 

    қатысты посттар

    Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр

    Фариза

    Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

    Фариза

    Алматылықтарға жылу ақысын қайта есептеп береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.