-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жаға ұстатар жайт: ғалымдар алғаш рет адам мен қозыны будандастырды

    Калифорния университетінің ғалымдары алғаш рет адам клеткалары бар қозы эмбрионын өсірді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл эксперименттің қорытындысы өткен жылы Остиндегі Америкалық ғылыми қоғамның конференциясында хабарланған. Тәжірибе барысында мамандар қозы эмбрионына бағаналы жасушалар енгізген. Аталмыш тәжірибе 28 күн жалғасын тапқан, бірақ елдегі тыйымға байланысты тоқтатылған.

    — Алайда осы уақыттың ішінде эмбрионның өмір сүруге қабілетті екендігі анықталып, ол толыққанды тірі жаратылыс болар еді, — дейді тәжірибе ғалымдары. 

    Сондай-ақ, эмбриондағы адам клеткаларының құрамы төмен екендігі белгілі — он мыңға бір клетка. Бұл тәжірибенің басты мақсаты болашақта жануарлардың денесінде адам ағзаларын өсіруге мүмкіндік алу болып табылады. Бірақ бұл нәтижеге жету үшін жануар ағзасындағы адамның клеткасының  мөлшері кемінде бір пайызды құрауы керек екен.

    қатысты посттар

    «Анама айттым, ал әжеме қалай айтарымды білмеймін…» — Қазақстандық транс қыз

    ҚЫЗЫЛОРДА: МОНИТОРИНГТІК ТОП №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА, 4 ДӘРІХАНАҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлеріне өз таңдауын жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.