-12.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қолөнер шеберінің еңбегі

    Белгілі қолөнер шебері Қанат Қазақбаев 1962 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Бүгінде үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған азамат 1986 жылдан бастап қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары домбыра және қобыз жасаумен айналысады. Оған дейін ауылда ағаштан түрлі заттарды жасаумен шұғылданып жүрген шеберге Алматы қаласындағы көркем өнер училищесіне оқуға түсу де өз септігін тигізді. Себебі жас жеткіншек ол жерде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өз ісінің шеберлерімен танысады. Қазір қобыз аспабынының түр түрін жасаумен айналысатын шебер бұл өте ұқыптылықпен жасауды қажет ететін дүние дейді. Себебі қобыз үні арқылы құстың да, аңның да, жел мен судың да, тіпті, әбидің де үнін шығаруға болады. Жалпы, ертеректі қазақ дүниетанымында қобыз аспабының алатын орны ерекше болған. Оны әр үйдің төріне іліп, қасиетті санаған. Бұл үрдіс бүгінгі таңда да жалғасуы керек, сондықтан да мен осы өнерді қазір де қатар алып жүрмін дейді қолөнер шебері. Қобыз аспабы өсіп тұрған ағаштан жасалады. Оның үні дұрыс шығуы үшін еш жалғанусыз тұтас бір ағаш ойылып, формасы келтіріледі. Дайын дүниені көзбен көрген адам, оны оңай деп ойлауы мүмкін. Алайда, ағаштың ішін кесіп оны нақышына келтіру оңай шаруа емес. Шебер өзі жасаған қобыздардың барлығының бетіне түйе терісін кереді. Өйткені ол аса шыдамды келетін көрінеді. Әр қобызды жасауға бір аптадан бір айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Себебі асықпай жасалған дүние қашанда сапалы болады. Жалпы, қолөнер шебері жасаған бұл қобыз ең алғашқы қобыздың көшірмесі болған. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш дейді Шулық шебер. Сондай-ақ бүгінгі таңда ол жасаған қобыздар елімізге белгілі көптеген фальклорлық ұлт-аспаптар ансамбльдерінде қолданылып жүр. Қолөнер шебері қобыз жасау өнерімен ғана шектеліп қалған жоқ. Ол соңғы жылдары домбыра жасау ісімен де шұғылданып жүр. Домбыра аспабы да қазақ қоғамында ойып тұрып алардай орны бар музыка құралы. Сондықтан да оған әрқашанда сұраныс жоғары. Одан бөлек, қол босаған уақытта домбыра тартып ән салу, күй шертудің өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні бар. Өз үйінде шағын ғана шеберхана ашқан азамат домбыраларының барлығын жеміс ағаштарынан жасайды. Оның ішінде алма ағашын жиі қолданады. Домбыраның дауысы әдемі шығуы үшін оның бет тақтасы шыршадан жасалады. Жалпы, әр адам домбыраны пайдаланған кезде оның ән домбыра, күй домбыра немесе терме тартатын домбыралардың әр қайсысын бөлек-бөлек пайдалану керек деп есептейді. Сонда ғана аспаптың даусы үйлесім табады. Жалпы, Қанат Қазақбаев бүгінде өз ауылының құрметті азаматы. Осындай керемет дүниелерді жасап жүрсе де ол қалаға баруды ешқашан ойына түсірген емес. Қолөнер шебері қалада болсын, мейлі далада болсын шын өнерлі адамға қайда жүрсе де өз туындыларын танытуға мүмкіндік бар дегенді айтады. Себебі шебер қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына арнайы тапсырыспен қобыздар дайындап жатыр. Міне, бұл қарапайым ғана ауылда тұрып, қазақ өнерін насихаттап жүрген жанның адал еңбегі болса керек.

    қатысты посттар

    ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған қолдау бағдарламасы қалай іске асырылуда

    ШЫМКЕНТ: «Жас маман» жобасы аясында колледжге құрал-жабдықтар алынды

    Фариза

    Шымкентте туристік полиция жұмыс істей бастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.