Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған» Балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалған (видео)

    Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға қатыгездікпен қараған. Желіде балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі  Stan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Желіде тараған видеодағы мәліметке сәйкес, оқиға Байсерке аулындағы «Ниет-ай» балабақшасында орын алған. 

    «Кіші топ. Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған. Жекелей алғанда, ұрып, қорқытқан. Құзырлы органдардан назар аударуын сұраймын. Адамдар, балаларыңызды қорғаңыздар», — делінеді жазбада. 

    https://www.instagram.com/p/B1K5-Z4Hb45/?utm_source=ig_web_copy_link

    Оқиғаға қатысты Алматы облыстық әкімдігінен жауап алып көрдік. Әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның Байсерке аулындағы балабақшада орын алғанын растап, аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. 

    «Қазіргі уақытта аудандық комиссия құрылды. Оның құрамында әкімдік, білім бөлімі және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар. Видеожазбалар алынды. Балабақшаның меңгерушісі мен жұмыс ауысымында болған қызметкерлерден түсініктеме алынып жатыр. Тексеріс жүргізілуде. Ата-аналармен жұмыс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады», — дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.  

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Фариза

    Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.