36 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Атыс салдарынан бір адам көз жұмды». Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Атыс салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жараланған

    Норвегия астанасы Осло маңындағы Берум коммунасында жас жігіт мешітке кіріп, адамдарға оқ атты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігіг РИА Новости порталына сілтеме жасап.

    «Аль-Нур» ислам орталығында атыс 10 тамыз күндіз, Құрбан айт мейрамы қарсаңында болды. Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жараланған.

    Euronews хабарлағандай, шабуыл жасаған жігіттің басында шлем, үстінде бронежилет болыпты. Мешіттегі адамдар қаскөйді полиция келгенге дейін қолға түсірді.

    https://www.youtube.com/watch?v=mGMU2Cj_jjU

    Бұдан бөлек, күдіктінің үйінен әйелдің денесі табылды. Ол жас жігіттің туысқаны екен. Тәртіп сақшылары әйел күдіктінің қолынан қаза тапты деп санайды.

    Қазір қылмыскер қамауға алынды. Мешіттен бірнеше дана қару табылды. Полицияның пайымынша, жігіт жалғыз өзі әрекет еткен.

    қатысты посттар

    Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

    Фариза

    Қазақстанда баспана рекордтық деңгейде қымбаттап кетті

    Фариза

    Қызылорда: Егісті сумен қамтамасыз ету барысы тұрақты бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.