3.7 C
Алматы
Среда, 4 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Атамбаевтың тергеу изоляторындағы суреті таралды

     Әлеуметтік желіде Алмазбек Атамбаевтың қылмыстық істі тергеу барысында түсірілген фотосы тарап кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанның дерегіне сүйеніп.

    https://www.instagram.com/p/B07kt80gpH2/?utm_source=ig_web_copy_link

    Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі экс-президентке қылмыстық кодекстің 319-бабы «Жемқорлық» бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.

    7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

    8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды.

    Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 98 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

    қатысты посттар

    Экс-министрлер халық жадында несімен есте қалды?

    Президенттің кенже қызы жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

    Путинге өмір бойы қылмыстық жауапкершіліктен құтқаратын мәртебе не үшін керек?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.