Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    10 жасар бала суға батып кетті. «Жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр»

    Қызылорда облысында он жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Байқоңыр қаласында тұратын жасөспірім дарияның рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

    Биыл Қызылорда облысында жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр. Бұл жөнінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев журналистермен жүздесуде айтып өтті. Биылғы жылы 12 жасөспірім суға кету салдарынан көз жұмды. Барлығында да олар ата-аналарының бақылауынсыз қалу салдарынан осындай оқыс жағдайға ұшыраған.

    «Департамент тарапынан судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер мен үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан суға түсудегі қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді»,-деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

    қатысты посттар

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Әскер қатары жас мамандармен толығуда

    Фариза

    Тестілеу орталығындағы жемқорлық. Білім министрі отставкаға кете ме?

    Пікір қалдыру

    16 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.