6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ғабидолла Әбдірахымов: Мен өлген жоқпын ғой!

    Шымкент қаласының экс-басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдіріп, өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды Qazweek.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

    Әбдірахымов өз позициясы шымкенттіктерге жолдау кезінде айтылып қойғанын айтады. Оның пікірінше, қандай жағдай болса да, соңы жақсылықпен аяталады.

    “Президенттің шешімі талқыланбайды. Кез келген адаммен болған барлық нәрсе, оның дербес жауапкершілігінде. Саясатта мұндай жағдайлардың болуы калыпты, ерекше ештеңені көріп тұрғаным жоқ. Мен Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істейтін боламын. Менде бәрі жақсы”, – деп Президенттің шешіміне пікір білдірді экс-әкім.

    Сондай-ақ, ол Лондонда түсірілген атышулы видео туралы да айтып өтті. Әбдірахымовтың айтуынша, бейнежазба жас ұрпаққа бағытталған екен. Экс-әкім аталған видеомен адамдардың Қазақстаннан кетпеуін жеткізбек болған.

    Әбдірахымов отанымызда жастардың дамуы үшін барлық мүмкіндіктердің жасалғандығын, өз кәсібіңді ашып, жақсы ақша табуға болатынын жеткізгісі келген. Бұл видео арқылы ол жастарды қолдай отыра аталған жағдайларды оларға түсіндіргісі келгендігін айтады.

    Бұрынғы әкім болашақ жоспарлары туралы тіс жармауды жөн көрді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде белсенді болуға уәде берді.

    Алайда мемлекеттік қызметті сағынбайтынын айтты. Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтанда тұруға ниетті.

    “Мен жасырынбаймын. Менің достарым, әріптестерім бар. Мен өлген жоқпын ғой!”- деді экс-әкім.

    Естеріңізге сала кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов өз үндеуінде адамдарға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, ол үшін Қазақстанның ең ірі қалаларының бірін басқару үлкен абырой болған.

    Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкаға кеткені 30 шілде күні белгілі болды. Одан соң Шымкентті Ерлан Айтаханов басқарды.

    Президент әкімшілігі қаланың бұрынғы басшысының саяси сенімді сарқылтқаны үшін жұмыстан босатылған деп түсіндірді.

    қатысты посттар

    1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

    Фариза

    Полиция 16 жастағы жігітті 3 жыл бойы зорлап, интимдік видеолармен бопсалаған

    Қызылорда облысында 22 мәдени нысан жөндеуден өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.