23.9 C
Алматы
Суббота, 12 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Президенттің кенже қызы жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кенже қызы Шахноза Мирзиёева республиканың мектепалды білім министрлігінің мектепалды білім саласында саясат қалыптасыру және жүргізу бас басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстан дерегіне сүйеніп.

    2017 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шахноза Мирзиёева мектепалды мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және стратегиялық даму бас басқармасының басшысы Елена Теннің орынбасары болып қызмет еткен еді. Кейін бұл ведомство мектепалды білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру, талдау және стратегиялық даму басқармасы болып қайта құрылды.

    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл сәуір айында Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы да басшылық қызметке келді. Дәлірек айтқанда, Саида Мирзиёева ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Ол Өзбекстанның шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша мәселелерді басқарады.

    қатысты посттар

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеонға жерленер едім

    Фариза

    «Қазақстанды бәрі жеп жатыр, мен де жеймін…» (видео)

    «Көп балалы аналардың әр баласына 100 доллардан жәрдемақы төленеді…» — Қосановтың сайлауалды уәдесі

    Пікір қалдыру

    4 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.