Жоғалған қыз Валерия Погребнякты өлтірді деген айыппен Владимир Братищев 15 жылға сотталды.
Алматы облысында жыл басында жоғалып кеткен Валерия Погребняктың өліміне қатысты сот үкімді енді шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Сот Владимир Братищевті қатаң режимдегі колонияда 15 жылға жазасын өтеуге үкім шығарды.
Валерия Погребняк 19 қаңтарда жоғалып кетті. Сағат 11-де ол жігітімен бірге Қарасай ауданының Мерей ауылынан Алматыдағы «Апорт» сауда орталығы жағына кетті. Владимирдің айтуынша, қыз бен жігіт ол жерде кешкі сағат 17-ден кешкі 18-ге дейін болған.
Жедел іс-шаралар барысында Братищевтің қыздың жоғалып кетуіне байланысы бар екені белгілі болды: тергеу барысында ол қызды өлтіргенін мойындап, денесін жасырған жерін көрсетті. Ол қыздың ата-анасына Валерияны қалаға шығарып салғанын айтқан.
Кейін Владимирдің қыздан 110 мың теңгесін ұрлап алып, қайтып бермегені белгілі болды. 19 қаңтарда марқұмның күіктімен сөйлескен хатының азмұнына сәйкес, сол күні ақшаны қызға қайтаруы тиіс болған. Әйтпесе, Валерия ұрлық туралы ата-анасына айтатынын ескерткен.
24 шілдеде сот процесі аяқталып, сот үкім шығарды.
«Процесс өте ұзақ болды. Дәлел көп болған жоқ, жалғыз айғақ — марқұмның телефоны. Біз оның телефонынан азылған хаттарды қайта қалпына келтірдік, содан кейін оның кінәсінің барлық дәлелі анықталды. Өз телефонында барлық хат-хабарды өшіргендіктен, ол кінәсін мойындамады. Ақшаны ұрламағанын айтты. Сот ақша ұрлауды кісі өлтірудің себебі ретінде қабылдады. Хат-хабарда оның ақшаны ұрлап, оны қайтармағаны анық айтылған.
Күдікті әмиянын құжаттармен өртеп жіберді. Бастапқыда қылмыскер қызды қызғаныштан өлтіргендей етіп жасағысы келді. Оның жазасы 8 жыл. Бірақ телефон көмегімен бәрі дәлелденді және сот оны кінәлі деп таныды», — деді марқұмның тәтесі Анастасия Хасанова.
Туыстарының айтуынша, Братищев үкімге бейтарап қараған. Братищевтің өзі сот отырысында қыңырлық көрсеткен. Соған қарамастан, айыпталушы тарап шағымданғысы келеді.
«Сотта ол агрессивті әрекет етті, күліп отырды, оның жүзінде өкініш болған жоқ. Ол тіпті прокурормен дауласып, ескертулерге күлді. Сот үкімі шығарылғанға дейін ол ата-анасынан бұрылып, адвокаттың айтуымен судьяға марқұмның анасын кешіруді сұрайтынын айтты», — деді марқұмның әпкесі .
Кейбір мәліметтер бойынша, қыздың мойынынан 18 рет пышақпен жарақаттап, содан кейін тұншықтырылған.