Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Қолында ақ көйлегі болған…» — қалыңдық тойының қарсаңында қаза тапты

    27 маусым күні кешкі уақытта Тәжікстанның Нүрек қаласында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан қалыңдық көз жұмды. Ол ертесі күні тұрмысқа шығуы керек болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ахбор» басылымына сілтеме жасап. 

    Аталған қала Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан.

    Гулрухсор Назарзода сол кезде өзі көптен күткен тойға дайындалып жүріп базарға барған. Ажал құшқан күні қолында ақ көйлегі болған. Оның тойы 28 маусымға жоспарланған еді. Ал мұның алдында күйеу жігіт екеуі никах рәсімін жасауды жоспарлаған. 

    Жол-көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Сондай-ақ, қалыңдықтың анасы комада жатыр. 

    қатысты посттар

    Өртке оранған ұшақта қаза тапқан жігіттің өлер алдындағы хабарламасы

    Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

    Фариза

    13 адамның өмірін жалмаған тікұшақ апатының бірнеше себебі айтылды

    Пікір қалдыру

    6 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.