-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Теңізде жәбірленген араб: Қазақстанға ешқашан қайтып келмеймін

    Қазақстандықтар соққыға жыққан иорданиялықтар 2 шілде күні Амман қаласына жетті. Тілшінің сұрақтарына жауап берген иорданиялықтардың ішінде біздің елімізге ешқашан қайтып келмейтінін айтқандар да болды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Иорданиялықтар ұшақтан түскен бойда Әлия халықаралық әуежайында сыртқы істер министрі Айман Сафадимен кездесті.

    «107 иорданиялықтың ішінде 41 азамат жұмыстан айырылып қалмай, Иорданияға қайтып келуге өтініш білдірді.  Барлығы Иорданияға оралды» , — деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

    Қазақстанға ешқашан қайтып келмеймін: Теңізде жәбірленген арабтар үйлеріне келді

    Сафади өз еліне келген иорданиялықтарға ханзада II Хусейн ибн Абдалланың сәлемін жеткізді. Ханзада жақында болған инцидентке байланысты иорданиялықтардың өміріне қауіп төнбеуіне үлкен көңіл бөлді. Ол қала тұрғындарына қызмет көрсету және оларды қолдау өте маңызды екеніне тоқталып, иорданиялықтар қайда барса да құрметке бөленуі керектігін ескеріп өтті. II Хусейн ибн Абдалланың сөзінше, Иордания экспаттары дүние жүзі бойынша жұмыстары арқылы көздегеніне жететін, жұмысқа шынайы берілетін және тәртібімен ерекшеленетін тұлғалар саналады. 

    Consolidated Contractors Company (CCC) компаниясында жұмыс істеген иорданиялық қызметкерлер жергілікті басылым тілшісіне сұхбат беріп, қазақстандықтармен болған қақтығыс жайында сөз қозғады. 

    Сұхбат барысында қала тұрғындарының бірі ханзада Әли бин әл-Хусейнге және Иорданияның сыртқы істер министріне жұмысшыларды үйлеріне аман-сау жеткізуге талпынғаны үшін ризашылығын білдірді. 

    Сонымен қатар, ол жарақаттанған азаматтардың жанұяларына олардың жағдайлары жақсы екенін, алынған жарақаттардың үлкен емес екенін айтты. 

    Бір қала тұрғыны ливандық жігіттің желіге жүктеген суреті Қазақстандағы үлкен даудың басталуына түрткі болғанын растады. Қазақ жұмысшыларының шетелдік әріптестеріне шабуыл жасауының себебі де осы болғанын тілге тиек етті. Ол Қазақстанға ешқашан қайтып барғысы келмейтінін, өз елінде қалғысы келетінін жасырмады. 

    Жәбірленген тағы да бір жігіттің айтуынша, арабтарды Consolidated Contractors Company компаниясының қызметкерлерінен бөлек, өзге де азаматтар соққыға жыққан . 

    Тәртіпсіздіктер кезінде 45 адам зардап шекті. Олардың ішінде 4 қазақстандық бар.

    Сондай-ақ, сол күні  125 ливандық Қазақстаннан Бейрут әуежайына ұшып келді.Қазақстандағы Ливан елшісі Джескар Хоури LBCI басылымына жұмысшылардың жағдайы жақсы екенін айтып берді. Премьер-министр Саад Харири осындай оқиғаның орын алғанына Higher Relief Committee компаниясының басшысы Мұхаммед Хейрді айыптады. Сонымен қатар, ол жұмысшаларды қарсы алып, ендігіде мұндай оқиғаның орын алмайтынына үміттенетінін айтты. 

    «Ливандықтар премьер-министр Хариридің және ливандық абыройдың арқасында қайтып оралды», — деді ол мемлекеттік ұлттық жаңалықтар агенттігіне.  

    қатысты посттар

    «Дабыл қағылуда» Сұрапыл дауыл бейнеленген кадрлар (сурет, видео)

    Фариза

    Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

    Фариза

    Дариға Назарбаева Қытай елшісімен кездесуде этникалық қазақтар проблемасын көтерді

    Пікір қалдыру

    nineteen − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.