-0.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Қызғанамын мен…» — Димаш Құдайберген (видео)

    Димаш Құдайберген «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Парасат майданы» бағдарламасында Дана Нұржігітке эксклюзивті сұхбат берді. Ол болашақ жарын ата-анасының, ата-әжесінің жанында тұратынын және ешқашан гастрольдік сапарларға бірге алып жүрмейтінін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі sn.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Ерекше дауыс иесі, алты Алашты аузына қаратқан әнші өзінің армандарымен қоса, болашақ жарына қатысты талаптарымен де бөлісті.

    «Мен қай елде жүрмейін, менің болашақтағы жарым міндетті түрде ата-әжесінің, ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады. Бөлек тұру… қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, ата-анамды да қызғанамын, бермеймін. Мансұр өссін.

    Менің арманым барлық бауырларымыз, ағайындарымыз, ата-әжелеріміз, үйдің үлкендері. Үлкені бар үй – қазыналы үй деп айтады ғой. Мен өз қазынамнан айрылғым келмейді. Бірақ, ініме де тілекшімін. Оған да бергім келеді. Сол себепті, ініммен бірге, бауырларыммен бірге бір үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек қой деп армандаймын», –  деді Димаш.

    қатысты посттар

    Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

    Фариза

    «Азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» — Ахметбек Нұрсила теріс бата берді

    Димаштың концертіне билеттерді сатып жүрген алаяқтар көбейіп кетті!

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.