4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтеді

    Семейде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қала бойынша 10-нан астам мерекелік алаң жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Н. Фесенконың айтуынша жаздың алғашқы күні барлық мектеп жанындағы лагерьлерде, спорт мектептерінде және балалар биологиялық орталығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Спидкубинг бойынша қала құрамасы жағажай маңында шеберлік сыныбын өткізеді. Ал театр қызметкерлері кішкентай көрермендерге «Қаңбақ» және «Жила-было сыроежка»ертегілерін ұсынатын болады. Қойылымдардың басталуы сағат 10.00 және 13.00. Қаланың орталық алаңында өтетін балалар мен жастардың музыкалық оркестрлерінің шеруі мереке көркін қыздыра түспек.

    — Әрбір музыкалық ұжым жыл бойы жеткен жетістіктерін көрсетеді, — деді Н. Фесенко. — Шеруге қала мектептері мен колледждері қатысып, мереке бірнеше блоктан тұратын болады. Бұл-патриоттық, шығармашылық, спорттық және арнайы-орта. Шеруден кейін балалар қалалық жағалауға барып, арқан тарту сияқты түрлі ұлттық ойындарға қатыса алады. Сол жерде істейтін бейнелеу блогында, бүлдіршіндерімзі Қазақстан туралы ең ұзын сурет салады.

    Сонымен қатар, 1 маусымда мерекелік алаңдар татар өнер мектебінде, Достық үйінде, Балалар музыка мектебінде және мәдениет үйінде жұмыс істейтін болады. «Спартак» стадионында осы күні балалар спартакиадасы ұйымдастырылып, «Тарлан» спорт кешенінде таэквондодан қала чемпионаты өтеді.

    қатысты посттар

    Жуалыда сүт кластерін дамыту жолға қойылған

    Фариза

    Жамбылда еліміздегі алғашқы кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

    Фариза

    Жамбылда құрылысшылар күні аталып өтті

    Пікір қалдыру

    ten + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.