6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өңірдің инвестициялық саясаты тұрақты

    Биылғы жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданына тартылған ең ірі инвестициялық жобаның бірі «Асыл тұз» серіктестігі болды. Ол табиғи ас тұзын өндіретін зауытта қазір 60 адам жұмыс істеп жатыр. Жобаны жалпы құны 720 млн. теңгені құрайды. Бұл Сарысу жеріндегі «Казфосфат» пен «Еурохим» компанияларынан кейінгі үшінші осындай ірі жоба болып отыр. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасымен қаржыландырылған. Жалпы, Сарысу жеріндегі тұздың мол қорын тиімді пайдалану жөнінде бұрыннан айтылып жүрген. Себебі, мұнда қазірдің өзінде төрт ірі тұз кендері бар. Бұрын игерілмей жатқан осы кеніштерді тиімді пайдалану мақсатында ауданға «Асыл тұз» серіктестігі келіп, қазір ас тұзын өндіру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Олай істемеген жағдайда, бұрын тұзды әркім бір заңсыз жолмен Қырғызстанға тасмалдап келген көрінеді. Жаңа «Асыл тұз» зауытында барлығы да автоматтандырылған. Жұмыс жеңіл болу үшін мұнда Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылды. Өндіріс орынының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар. Бүгінде тұзды Жамбыл облысынан бөлек, Қарағандыға, көрші республикаларға экспорттап жатыр. Күніне 70 тоннадан астам тұз шығарады. Кәсіпорын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының талаптары бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде 200 шақырым қашықтағы Жайлаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан серіктестік, алдағы уақытта жақын жерлердегі тұз кендерін барлау, игеру жұмыстарын бастамақшы. Шикізат көбейсе, зауыттың да өндіріс қуаты артады дейді жауаптылар. Зауытқа жақын арада аудандық әкімдік тарапынан темір жол тұйығын салуға, электр жарығымен қамтуға көмек көрсетіледі. Бұл мемлекеттік инфроқұрылым жобасы арқасында жүзеге асырылмақшы. Ол үшін Жаңатас қаласының мүмкіндігі зор дейді мамандар. Мұнда шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша да бірқатар жеңілдіктер бар. Жаңа нысанның ашылуымен мұнда жұмыс істеуге көптеген жас мамандар да келіп жатыр. Мұнда бұрынғыдай тұздың қабын қолмен немесе арнайы құрылғымен жеке- жеке тікпейді. Ол арнайы Украиндық аппаратпен тігіледі. Одан кейін жаңа конвейерлер арқылы тұздар осындағы үлкен қоймаға жөнелтіледі. Қойманың ішінде де адамдар тек техниканың көмегімен жұмыс істейді. Бұл заманауи қондырғылар арқасында мүмкін болып отыр. Дайын өнімдерді Жаңатас қаласындағы теміржол бекеті немесе ауыр көліктер арқылы тасмалдайды. Ал, өндіріс орыны болашақта дайын өнімді тасмалдау үшін теміржол рельсінің зауытқа дейінгі аралықта тартылатындығын айтады. Бұл жұмысты қазіргіден де жеңілдетеді дейді сала мамандары.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

    Фариза

    Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті жақсарту мақсатында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    Еуразия кеңістігіндегі бірегей жәдігер Елеке сазында

    Пікір қалдыру

    eighteen + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.