1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мектеп оқушысы жемқорлықпен күресудің елімізде жоқ түрін ойлап тапты

    Сыбайлас жемқорлықпен күресті компьютерлік ойын арқылы да тиімді жүргізуге болады. Мұны 8-сыныпта оқитын Асанәлі Амангелдиев дәлелдеп берді.

    Шығыс Қазақстан облысы, Жезкент кентінде тұратын Асанәлі кішкентайынан жемқорлықсыз әлемде өмір сүруді армандап өсіп келеді. Осы арманның жетегіне ерген жеткіншек әзірге елімізде баламасы жоқ «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын ойлап тауыпты. Оның бұл жобасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың үздік жобасы» байқауында Гран-приді жеңіп алды.

    – Бірде теледидардан лауазымды қызметкердің пара алып ұсталғанын көрсетті. Бұл көрініс маған қатты әсер етті. Содан бастап мені «жемқорлықтан жирену үшін не істеу керек?» деген ой мазалады. Ақырында өзім сияқты балаларды жемқорлыққа қарсы компьютерлік ойын арқылы тәрбиелеуге болатынын ұқтым, – дейді Асанәлі.  

    «Сатылмайтын Алпамыс» ойыны бес деңгейден тұрады. Әр деңгейде Алпамыстың алдынан түрлі қиындық шығып отырады. Мақсат – осы сынақтардан ешқандай парасыз өз күшімен өтіп шығу керек. Қиындықтарды жеңе білген Алпамыс ең соңында жемқорлықсыз әлемге тап болады. Бұл ойынның басты артықшылығы қылмыс түріне қарай заң тұрғысынан  баға  беріліп, қандай жауапқа тартылуы мүмкін екендігі түсіндіріліп отырады.

    Қазіргі уақытта Асанәлі Амангелдиев аталмыш жобаның соңғы  кезеңін ойластырып жатыр. Бұл орайда оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бағдарламашылары көмектесуде.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Шымкент: тағы 17 спортшы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандарды аралады

    Фариза

    Шымкентте жаңа оқу жылы абай өлеңін оқумен басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.