37.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде көпбалалы аналарға кезекті көмек көрсетілді

    Семейде көпбалалы аналарға көмек көрсету жалғасуда. Бұл жолы қалалық биліктің қолдауымен 50-ден астам отбасыға тегін картоп берілді. Қайырымдылық акциясы қалалық базарлардың бірінде өтті.
    Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай картопты өз бетінше ала алмаған отбасыларға, волонтерлер көмек көрсететінін айтты. Барлығы 2 тоннадан астам картоп таратылды.

    — Көмек үшін рахмет, — деді көпбалалы ана Альмира Ақилбаева. — Менің 6 балам бар. Бұл біз үшін өте үлкен көмек болды.

    «Ақжүніс аналары» ұйымының өкілі Анар Сүлейменова облыс және қала басшылығының қолдауымен аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға үнемі материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

    қатысты посттар

    Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

    Фариза

    Жамбыл облысында жолдауда жүктелген міндеттерді орындаға жоспар айқын

    Пікір қалдыру

    thirteen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.