-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде «Жаңа қазақ әліпбиін оқыту кабинеті» ашылды

    ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» және ҚР Премьер-Министрінің өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында «Жаңа қазақ әліпбиін оқыту кабинеті» ашылды.

    -Орталықтың басты міндеті қаламыздағы ересек тұрғындары жаңа әліпиге үйрету — деді Семей қаласының тілдерді оқыту орталығынның басшысы Зәуреш Исабаева. -Жаңадан ашылған бұл кабинетте ұлттық әліпбиді оқыту, семинар тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн сабақтары өтеді.

    Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін атап өтті.

    -Латын әліпбиі арқылы әлемнің 70%-ы ақпарат алмасады. Өз басым латын әліпбиіне көшу жеңіл болады деп ойлаймын. Бұл өткенімізге қайта оралу, рухымыздың жаңғырғанының жарқын бейнесі,-деді қала әкімінің орынбасары.

    Алғашқы оқыту курстарына 45 адам қатысады. Курс қатысушылары Семей қаласы әкімшілігінің қызметкерлері. Қала тұрғындары жаңа әліпбиді оқыту сабақтарына қыркүйек айының үшінші декадасынан бастап қатыса алады.

    қатысты посттар

    Шымкент: Спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

    Фариза

    Шымкент: Қоғамдық көліктерге «төлем» электрондық жүйесі енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.