Среда, 4 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғамСаясат

    «Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!»

    Елімізге белгілі заңгер, қоғам қайраткері Айгүл Орынбек интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Qazweek.kz аақпарат агенттігі.

    «Халықпен диалогқа дайынмын»- Тоқаев!

    Көшеге шыққанды қамап, интернетке жазайын десек интернетті бұғаттап қалай диалог жүргізбекші мына су жаңа президент?!
    Солтүстік Корея немесе Қытай болдық.
    Жаңа президент келіп «жаңарамыз» ба деп отырсақ, кемпір шалдарына қарамай қамап, бұғаттап жатқан президенттен не күтуге болады?
    Е көшеге шығып сөйлеспесе, е интернет арқылы сөйлеспесе сонда үнімізді қалай жеткіземіз?
    Мықты дипломат былай жұмыс істемейді!
    Өз ұлтыңның,еліңнің халықымен дипломатиялық қатынас орнаталмай жатқан президенттен тағы не күтуге болады?
    Қәзір интернетке көп дүние байланысты! Алаңға шыққандарға заңмен тиым салып тастадыңдар! Ал интернетті бұғаттап қаншама жұмысымызды тоқтатып қойғандарың үшін сендерді де жауапкершілікке тарту керек!
    Бәрін қамап,бұғаттап өздеріңді таққа отырғызып болдыңдар ма? Енді интернетті қосыңдар! Жылтыраған беттеріңді көрейік! Халықтың алдына осыдан кейін қалай шығып ант бересіңдер! Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!» — деп жазады Айгүл Орынбек.

    қатысты посттар

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    Фариза

    Алматыда вайнерлер жарнамалаған пирамида ұйымдастырушысы ұсталды

    Фариза

    «Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек» — Нұрлан Нығматулин

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.