11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    «Ақжүніс» бағдарламасымен көпшілікке кеңінен танылған тележүргізуші Сәуле Әбединованы белгісіз әйелдер жабылып ұрып кетті. Миы шайқалып, ауыр соққы алған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның дерегіне сүйеніп.

    Телеарнаның мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы аналардың мәселесін көтеріп жүрген Әбединованың үстінен бірнеше адам полицияға арыз жазған.

    Шағым қаланың бірнеше полиция департаментіне түскендіктен, тележүргізушіге бір күнде бірнеше жерден шақырту жіберіліпті.

    Ал Сәуле Әбединова Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция бөліміне барғанда оны бірнеше әйел жабылып ұрып тастаған.

    «Шашымнан ұстап алған. Орамалым бір жақта қалды. Қолымнан ұстап алып, ішімнен былай… Айтпайтын сөздерді айтты. Балағаттың түр-түрін айтып жатыр. Ішімнен еңкейіп қалдым», — дейді Сәуле Әбединова.

    Осыдан кейін тележүргізушіні жедел-жәрдем үйінен алып кеткен. Ақ халаттылар Әбединованың миының шайқалғанын айтуда.

    қатысты посттар

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Фариза

    Шымкентте күдікті Полиция департаменті ғимаратында көз жұмды

    Фариза

    Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.