Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Назарбаев президенттікке бірнеше кандидатты қарастырған…» — Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда биліктің ауысуы үш жыл бойы қаралғанын айтты, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұрагері болуға бірнеше кандидатты қарастырған болатын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресей» телеарнасына берген сұқбатында.

    «Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды», — деді Тоқаев.

    Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді.

    «Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды», — дейді мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Келесі күні сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады.

    қатысты посттар

    Халық зорға қол жеткізген 42 500 теңгені тартып алуда: Банктердің пайдасы елдің қиыншылығынан да, Тоқаевтың бұйрығынан да маңызды

    Фариза

    «Абдрахимовтың басына туған күн Маминнің де басына тууы мүмкін…»

    Нұрсұлтан Назарбаев көп қателік жасаса да, оның президентікке қайтіп келетін уақыты келді — Айсұлтан Назарбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.